95 жаста шаңырақ көтерді

Oinet.kz 25-05-2022 1083

Уэльсте тұратын зейнеткер 95 жасында алғаш рет отбасын құрды. Оның жұбайы өзінен 11 жасқа кіші. Бірақ екеуінің танысқанына 23 жыл болған. Бұл туралы Wales Online басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Screenshot_5.jpg

Джулин Мойл 1999 жылы Валери Уильямсті алғаш рет шіркеуде көрген. Неке қию рәсімі аталған шіркеуде өтті. Оған 40 қонақ қатысты. 

Қалыңдық бұл өмірде тұрмысқа шығатынына күмәнмен қарағанын айтып, елді күлдірді. Десе де, ол бақытты екенін айтты.  

Күйеу жігіт "95 жаста үйленген қалай екен?" деген сауалға ол жаңа өмір бастайтынын айтты. 

"Валери – өте мейірімді және жомарт", – деді қария әйелі жайлы. "Жас жұбайлар" бал айын күйеу жігіттің туған жері Аустралияда өткізбек.


Балалы әйелді лифтіде зорламақ болды
Жазушы Торғын Жолдасбекқызы дүниеден озды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу