Қарақат Әбілдина: Ер дегеннің сиқы мынау

Oinet.kz 28-05-2022

Дәстүрлі әнші Қарақат Әбілдина қоғамда орын алып жатқан оқиғаларға байланысты жазба қалдырды деп хабарлайды oinet.kz.

Screenshot_3.jpg

Әнші жазбаны өзінің инстаграм парақшасында жариялаған:

"Ұйқы қашып, маза кеткен түн болды…

Көк туды таптағаны, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, киелі сахнаны ластағаны, жас баланың.

Тырнақ-шашын өсіріп, боянып-сыланып, сырғасын тағынып, сорақы сұмдықты шімірікпей соққаны жас түлектің.

Жүректі қозғап әкетті

Ұл тәрбиелеп отырған анамын. Асылық айтуға да қорқамын. Айтпасқа амалың тағы жоқ. Үндемей қала алмайсың. Күйесің.

“Баламды медресеге біл деп бердім” деп Абай ақын айтқандай, үш ұлды 3 айлық демалысқа шыққан бетте медресеге апарып тапсырдық. “Қайтсем қазақ қылам, қайткенде мықты азамат өсірем? Алласын танып, Құранын біліп, парызын бүтіндеп өссін” деген ой біздікі.

Ал мынаны қара... Қалай шығарды сахнаға? Өнердің, сахнаның киесі деген болатын-ды бұрын. Ал қазір? Заманауи эстрада деген осы екен деп, өнердің есігін айқара ашып тастадық. Кім көрінгенді тайраңдатып қойдық. Енді отырмыз “Ит жоқта шошқа үредінің” кебін киіп.

“Анаусың, мынаусың” деп алдымдағы ұлға ұрсамын, мына жақта тіпті масқара ғой. Интернетің онда жатыр жалаңаш. Бәрі ашық, бәрі еркін. Электронды темекіден бастап,есін алған есірткінің түр-түрі. Қалай тізгіндейміз? Ауыздық жоқ. “Ұрпақ арты жын болды” деген нақ осы.

Киелі Түркістанда дейді келесі концерттері. Киелі топырақтан садаға кеткір! Қайтеді екен? Кешірім сұраған бір видео жолдап, азын-аулақ айыппұлды төлеп қойып, тайраңдай бере ме екен тағы да? Ал ол концертке баратын кілең мектеп жасындағы жасөспірімдер мен студенттер.

Жаңа Қазақстан! Референдум! Ел боламыз! - дейміз. Ел ерге қарамаушы ма еді? Ер дегеннің сиқы мынау…

“Қазақтың мың баласы қара домбырамен күй ойнап әлемдегі Гиннес кітабын жаңғыртты”, - деп қуана бергеніміз сол, иттердің мынадай тірлік жасап, күйдіргенін қарашы…

Тал бесіктегі тәрбие тоқырап… Ұлттық салт- сана, тіл, дәстүр түбімен қирап жатыр. Ұрпақ болашағы үшін дабыл қағатын шақтамыз, қазағым!"

Жазба астында "Өте дұрыс айтасыз", "Саханаға жолатпау керек қой бұндай иттерді", "Түркістаннан садаға кетсін боғауыз сөздерімен бірге", "Жазаға тарту керек" деген пікірлер жазылып жатыр. 


Павлодар облысында 4 адам уланып қайтыс болды
"Өзіңнен аумайды екен": Мейрамбек Бесбаевтың ұлымен түскен суреті елді тәнті етті


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×