Саяси қуғын-сүргін құрбандарына Құран хатым бағышталды

Oinet.kz 01-06-2022 657

Өткен ғасырдың отызыншы жылдары солқылдақ саясаттың кесірінен мыңдаған адамның өміріне балта шабылып , 1,5 миллиондай адамның аштықтан қаза табуы,мемлекетіміздің тарих бетіне жазылған қаралы оқиғаларының бірі.

Screenshot_3.jpg1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңы атылды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Нәтижесінде, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталып, есімдері  «Аза кітабына» жарияланды. Бүгінде, қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау шаралары  жалғасын тауып келеді. 

Қасіретті жылдардың құрбаны болған зиялы қауым өкілдерін еске алу күніне орай,  аудан аумағында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, олардың өмірлік жолы дәріптеліп, шығармаларына шолу жасалуда. 

Іс-шаралар қатарында ауданның бас имамы Усен Саурбаев бастаған ауыл және қала имамдары «Нұр» мешітінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып,  сүбелі сөздер айтып, ата-баба рухына Құран хатым бағыштап, дін және Отан жолында жантәсілім болған бабаларымыздың рухы шат болғай деп,дұға жасады.

AMANAT»: Түркістандықтар референдумға белсенді қатысуды көздеп отыр
4 жыл төсекке таңылған әжей Бағдагүл сынықшының емінен кейін аяққа тұрғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу