«Нұр-Сұлтан» атауы ауыса ма - вице-министр Ералы Тоғжанов жауап берді

Oinet.kz 05-07-2022 788

Нұр-Сұлтан қаласының атауын қайта Астана деп өзгертуге ешқандай негіз жоқ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деп мәлімдеді. 

Screenshot_24.jpg

Үкімет кулуарында журналистер Тоғжановтан қандай жағдайда елордаға Астана атауы қайта берілуі мүмкін екенін сұрады. Алайда вице-премьер сұраққа нақты жауап бермеді. 

"Оған ешқандай негіз көріп тұрған жоқпын. Тағы қайталап айтайын, оған еш негіз жоқ", – деді Тоғжанов.

Сондай-ақ, ел арасында Астана күнін басқа датаға ауыстыру туралы жиі сөз болып жүр. Бұл күні – еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Алайда Тоғжанов ел болып бір адамның емес, қаланың туған күнін тойлайтынымызды атап өтті. 

"Біз бір адамның туған күнін емес, Астана күнін тойлаймыз. Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласының туған күні қалай тойланса, биыл да солай тойланады. Көптеген іс-шаралар жоспарланғанын білесіздер. Олар 1 шілдеден бастап жоспарлы түрде жүзеге асады. 1-8 шілде аралығындағы барлық іс-шаралар Елорда күніне орай ұйымдастырылған", – деді Тоғжанов. 

Айта кетейік, 6 шілде - елімізде Нұр-Сұлтан қаласының туған күні тойланады. Бұл күні барша қазақстандықтар демалады.

Б.Момышұлының келіні әнші Жүнісованың масқарасын шығарды
«AMANAT»: Жарты жылда 10 мыңдай тұрғын өтінішпен келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу