Ақтауда жол апатынан үш адам ауруханаға жеткізілді

Oinet.kz 23-07-2022 793

Ақтауда жол апаты орын алып, үш адам ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Rixos қонақ үйінің жанындағы демалыс базасында орын алды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Screenshot_9.jpg

«Toyota Land Cruiser 200» көлігінің жүргізушісі кері бұрылу кезінде «Lexus Es 330» автокөлігіне жол бермеген. Соның салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алған», - делінген хабарламада.

 Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша «Toyota Land Cruiser 200» көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылған.

«Басы жұлынып кете жаздаған»: Жол апатынан қайтыс болған қыздың ісі түлкібұлаңға салынған
Емшіге барған әйел аяғынан айырылып қала жаздады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу