Кедейлердің Болат Назарбаевтың ауырып жатқанына неге күліп жатқанын түсіне алмадым

Oinet.kz 26-07-2022 3060

da74e251f54156c5682fffca4e86ba27.jpg

(Болат Назарбаев туралы)

30 жыл ішкені алдында, ішпегені артында. Миллиондаған доллары бар, балалары мен немерелерінің жағдайын өмір бойына жасап тастаған, алғысы келген затты алып, армандаған еліне саяхаттай алды, қымбат көліктер мен зәулім үйлерде өмір сүрген адам өлейін деп жатыр. 

Соның ауыр жағдайына үйі жоқ, мойынында кредиты бар, бала-шағасы жұмыссыз кедейлер қуанып жатыр. Ең қызығы сол адам дәл қазір өліп қалса да, сол кедейлерден мың есе бақытты өмір сүрді. Сонымен қатар, қанша тыраштансаң да, оның жаназасына мыңдаған адам келеді. Оның зираты сенің/менің зиратымнан әдемір-ек болады.

Жалпы кедейлердің ауырып жатқан миллионерге (мүмкін миллиардерге) несіне күліп, мәз-мейрам болып отырғанын түсіне алмадым. Ертең кредит төлейтін күнің ғой, Сіңірім-ау … қызыл банкоматтың алдында ақшаңды бір-бірлеп фшюх-фшюх деп салып тұрасың. 

Самат Нұртазаның Facebook парақшасынан

«Қан аралас су ағады»: Түркістан облысында кәсіпкер 14 мың тұрғынды бірнеше жыл сусыз қалдырған
Түркістан: Жастардың жаңа жобаларына 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу