«Жұбайыммен бірге намаз оқимын»: Сотта Бишімбаевтың жеке блокнотына жазылған Салтанаттың қолхаты оқы

Oinet.kz 08-04-2024 808

Өз әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат Нүкенованың күйеуіне уәде берген қолхатын оқып, оны іске дәлел ретінде қоспақ болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Адвокаттардың мәлімдеуінше, Бишімбаевтың блокнотында марқұм Салтанаттың тірі кезінде жазған қолхаты бар.

“Мен, Салтанат Нүкенова, ендігіде Қуандыққа сенуге, оны қызғанбауға, өз-өзіммен жұмыс істеп, күйеуімді сыйлауға, сүйікті жар болуға, боқтық сөздерді айтпауға, ашуланбауға, түсіністікпен қарап, тыныштықты сақтауға уәде беремін. Менің күдіктерім ақталған жоқ және шындықты білуге мүмкіндік бергеніне, маған маңызды нәрсені ұсынғанына рахмет. Мен күйеуімді де, өзімді де қинамаймын, махаббатымызға құрметпен, сақтықпен қарап, жұбайыммен бірге намаз оқимын, саналы болуға ұмтылып, үйдің берекесін сақтаймын. Осындай күйеуді берген Аллаға сансыз шүкір”, – делінген адвокат оқыған қолхатта.

Айтуларынша, осы кезде Салтанат қызғанып, хат-хабарларды қағазға шығарып әкелуді сұраған. Бишімбаев соны ұсынғаннан соң ол осындай қолхат жазған. Осы блокноттағы хат арқылы адвокаттар “Қинау” бабын жоққа шығармақ болды. 

Алайда судья мұны дәлел ретінде қосуды қабылдамады.

“Сонда Салтанат не үшін олай жазды? Әйелінің күйеуіне мұндайды жазғанын бірінші рет көрдім”, – деді судья.

Киберспорт: Как делать ставки на киберспортивные события?
Қарағандыдағы қос сәбидің өлімі: Анасы өз балаларын не үшін тұншықтырып өлтіргенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу