Бишімбаев ісі бойынша сот отырысында судя алқабилерге шешім шығаруға арналған сұрақтарды қойды

Oinet.kz 13-05-2024 616

Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында судя шешім шығару үшін құрылған сұрақтарды алқабилерге оқыды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Алқабилерге арналған сұрақтар тізімінде 13 сұрақ болды. Оның 10-ы Бишімбаевқа қатысты, 3-і Байжановқа қатысты болған. Осыдан кейін алқабилер дауыс беру және үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне жіберілді.

Алқабилер тарапына қойылған сұрақтарға мыналар кірді:

  • Салтанат Нүкенованың 2022 жылдың 16 желтоқсанынан бастап 2023 жылдың 9 қарашасына дейін денесінің және басының әр жерінен үнемі ұрып-соғу арқылы физикалық азап шеккені, сондай-ақ ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, моральдық азап шеккені дәлелденді ме?

  • Бұл әрекетті Қуандық Бишімбаев жасағаны дәлелденді ме?

  • Бұл әрекетке Бишімбаев кінәлі ме?

  • Жәбірленуші (Салтанат Нүкенова) Қуандық Бишімбаевпен бірге тұрған кезден бастап өз бетінше ақша табуды тоқтатып, материалдық тәуелділікте болғаны дәлелденді ме?

  • Салтанат Нүкенованың Bau мейрамханасында бас-ми жарақаты субдуралды гематома салдарынан көз жұмғаны дәлелденді ме?

  • Салтанат Нүкеноваға әдейілеп бірнеше рет соққы жаслғаны дәлелденді ме? Соққыны сотталушы Бишімбаевтың жасағаны дәлелденді ме?

Алқабилер тарапынан қойылған бірнеше сұрағының мәні осындай болды. 

«Жақсы әке адамды өлтірмейді ғой»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі 14 жыл некеге қалай шыдағанын айтты
«Алғашқы неке түнінен-ақ қатал болды»: Шет ел азаматымен отбасы құрған Карина Мамаш шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу