Ұзақ күттірген Бишімбаевқа қатысы үкім шықты

Oinet.kz 13-05-2024 600

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

Судья Айжан Құлбаева экс-министр Қуандық Бишімбаев пен екінші айыпталушы Бақытжан Байжановқа үкім шығарды. Бишімбаев 24 жылға сотталды. 

“Сот Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлын Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін  99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағымен айыпты деп танып, оған: , ҚР ҚК-нің 2-бөлігі, 7 жыл бас бостандығынан айыру, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша, қылмыстардың жиынтығы бойынша 20 жыл бас бостандығынан айыру жазаны ішінара қосып, түпкілікті 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.”

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен 2023 жылы 9 қарашада ұсталған еді. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры Бақытжан Байжанов та тұтқындалды. Олардың сот отырысы 2024 жылы 27 наурыздан басталып 10 мамырға дейін жалғасып, ашық түрде өтті. 

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін айыпталған.

Экс-министр Қуандық Бишімбаев соңғы сот отырысында әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады. 

Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында судья шешім шығару үшін құрылған сұрақтарды алқабилерге оқыған еді. Алқабилерге арналған сұрақтар тізімінде 13 сұрақ болды. Оның 10-ы Бишімбаевқа қатысты, 3-і Байжановқа қатысты болған. Осыдан кейін алқабилер дауыс беру және үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне жіберілген еді. 

Алқабилер тарапына қойылған сұрақтарға мыналар кірді:

  • Салтанат Нүкенованың 2022 жылдың 16 желтоқсанынан бастап 2023 жылдың 9 қарашасына дейін денесінің және басының әр жерінен үнемі ұрып-соғу арқылы физикалық азап шеккені, сондай-ақ ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, моральдық азап шеккені дәлелденді ме?

  • Бұл әрекетті Қуандық Бишімбаев жасағаны дәлелденді ме?

  • Бұл әрекетке Бишімбаев кінәлі ме?

  • Жәбірленуші (Салтанат Нүкенова) Қуандық Бишімбаевпен бірге тұрған кезден бастап өз бетінше ақша табуды тоқтатып, материалдық тәуелділікте болғаны дәлелденді ме?

  • Салтанат Нүкенованың Bau мейрамханасында бас-ми жарақаты субдуралды гематома салдарынан көз жұмғаны дәлелденді ме?

  • Салтанат Нүкеноваға әдейілеп бірнеше рет соққы жасалғаны дәлелденді ме? Соққыны сотталушы Бишімбаевтың жасағаны дәлелденді ме?

Алқабилерге қойылған бірнеше сұрақтың мәні осындай болды. 

Сондай-ақ Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі 13 мамырда сағат 17:00-де шығатыны хабарланған еді.

Астанада мүгедектігі бар такси жүргізушісін балағаттаған жігіт ұсталды (ВИДЕО)
Бишімбаев ісі бойынша екінші айыпталушы Бақытжан Байжановқа сот үкімі шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу