Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен кеден саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

Screenshot_7.jpg

2019 жылғы 8 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде кедендік әкімшілендіру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары талқыланды.

Кездесуде Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ел Президентімен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген бизнесті заңсыз араласудан қорғауды күшейту туралы тапсырмасын орындайды. «Трансперенси Қазақстан» қоғамдық қорының өтініші негізінде кедендік әкімшілендіру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді», - деп атап өтті.

Агенттіктің превенция департаментінің басшысы Анар Жарова өз сөзінде талдау барысында анықталған кедендік әкімшілендіру саласындағы жүйелік проблемалар туралы хабардар етті.

Қауіпті сала ретінде уақытша сақтау қоймасында тауарларды сақтау рәсімі анықталды. «Кеден органдары ұсталған тауарларды қоймаларда уақытында өткізу немесе жою бойынша міндеттемелерді орындамау нәтижесінде олардың иелері ұсталған тауарларды мәжбүрлі өтеусіз сақтауға байланысты қаржылық шығындарды көтереді», - деді А. Жарова.

Бұдан басқа, «АСТАНА-1» Кедендік бақылау саласындағы тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесі үлкен мәселелерді тудырады. Оның жабықтығы мен айқын еместігі лауазымды тұлғалар мен сыртқы-экономикалық қызметке қатысушылар арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол ашады. Кеден баждарын төлеу туралы хабарлама тәртібі жетілдіруді талап етеді,бұл бюджет алдындағы миллиард берешектердің пайда болуына әкеледі.

Кеңес барысында ведомство басшысының бірінші орынбасары бақылау-өткізу пункттері арқылы жедел және кедергісіз өту үшін берілетін параларға назар аударды: «Сыбайлас жемқорлық жүйелері кеден бекеттерінің қызметіне кеңінен еніп кеткен, өйткені орындалатын барлық іс-әрекеттер лауазымды тұлғалармен кәсіпкерлер және азаматтар арасындағы тікелей байланыс арқылы жүзеге асырылады. Көптеген жылдар бойы жағдай түбегейлі өзгермей келеді, проблемалар жүйелі сипатқа айналған. Бұл жағдайды біздің қызметіміздің нәтижелері растайды», - деді О. Бектенов.

Талқылауды ескере отырып, Агенттікпен Мемлекеттік кірістер комитетіне кедендік әкімшілендіру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде нақты ұсынымдар берілді.

Кеңесті қорытындылай келе Олжас Бектенов кеден қызметінің қызметкерлеріне жүгінді: «Комитет басшылығы барлық қажетті шараларды қабылдайды деп үміттенемін... Прогресс болмаған жағдайда біз тиісті шаралар қолдануға мәжбүр боламыз».

Бұл ретте, Агенттік сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы Сізге белгілі болса, Сіз 24/7 режимінде 1424 Call-орталығына хабарласа аласыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілер дарбаза қақпасы арқылы кіре алады
  • Балабақша тәрбиешілерінің жалақылары көбейе ме? Тоқаев жауап берді
  • Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есе көбейтуді тапсырды
  • Мәдениет және спорт вице-министрі Арыс қаласына келді
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Еңбекші ауданы әкімдігінің ұжымымен кездесті