БҚО-да суицид жасаған оқушы көмек сұраған: Мектеп психологы мұны елеусіз қалдырған

Oinet.kz 23-10-2025 219

БҚО прокурорының орынбасары Азамат Құстанов облыста балалар суицидінің 27%-ға өскенін мәлімдеді. Облыс республика бойынша көш бастап тұр екен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_56.jpg

Прокурор орынбасарының айтуынша, балалар суицидінің себептерінің бірі — жауапты адамдардың немқұрайлылығы. Азамат Құстанов Ақжайық ауданындағы мектепті мысалға келтірді. Аудандағы мектептердің бірінде жасөспірім өз-өзіне қол жұмсау ниеті барын жазып, сауалнама толтырған. Ал мектеп психологы мәліметті мектеп басшылығына жеткізбеген. Көп ұзамай жасөспірім өзіне қол жұмсайды. Қазіргі таңда психологқа, мектеп директорына және оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

«Бұл мәселеде жауапкершілік мектеп қызметкерлеріне ғана емес, білім басқармасының басшылығына да жүктелуі тиіс деп санаймын», — деді Азамат Құстанов. 

Маңғыстауда оқушы қыздар төбелесіп, бір-бірін аяусыз тепкінің астына алған
«Мынаның бәрі қашан бітеді?»: Алматыда дәрігерлердің салғырттығынан 2 жасар қыз қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу