Анасын өлтіріп, мәйітін қоқысқа апарып тастаған ұлдың әрекеті жаға ұстатты
Алматыда ер адам анасын өлтіріп, мәйітін қоқысқа апарып тастаған. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі Newtimes.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, түнгі уақытта Гагарин даңғылының маңында ер адам кілемге оралған белгісіз затты үйден алып шығып, қоқысқа тастап кетіп қалған. Куәгерлер күмәнданып, кілемді ашып қарағанда әйелдің мәйітін көрген.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Күдікті ретінде марқұмның 41 жастағы ұлы ұсталды, ер адам психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.






