Премьер-министр Қазақстанда азық-түлік бағасының көтеріліп кеткеніне ашуланды

Screenshot_3.jpg

Үкімет басшысы Асқар Мамин өңір әкімдерін азық-түлік бағасының тым жоғарылап кеткені үшін сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Есептерге сай, кейбір азық-түліктердің бағасы өсіп бара жатыр. Бұл дегеніміз, біріншіден, әкімдіктер тарапынан іске асырылатын шаралар тапшылығын айқындайды" , - деді Мамин.

Оған қоса, ол сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың бірегей онлайн платформаны құру туралы ұсынысына қолдау білдірді.

Бұған дейін, қазақстандықтар бұл сайттың көмегімен еліміздегі базарлар мен дүкендердегі бағаларды түсіріп жібере алатыны хабарланған.

Бұл шара азық-түлік бағасының шұғыл статистикасын жүргізіп, болашақта оны төмендетуге бағытталған жұмыс жүргізуге таптырмас мүмкіндік болмақ.

Сондай-ақ, сауда және интеграция министрлігінің басшысына алдағы екі аптада тұрақтандыру қорының қызметіне тексеріс жүргізу тапсырылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне он әлеуметтік-маңызды азық-түлік түрін өндіру бойынша арнайы жоба жасап шығару міндеті жүктелді.

"Тағы да айтып өтейін, әкімдер әлеуметтік-маңызды азық-түлік түрлеріне қатысты бағалардың өсіп кетуін болдырмау мәселесін жіті бақылауда ұстап отыру қажет. Оған қоса, тиісті шұғыл шараларды қолдана отырып, апта сайын мониторинг жүргізіп тұруы керек" , - деді премьер - министр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан жұртшылығы Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
  • Президент ауылда жемшөптің қымбат екенін айтып, мәселені шешуді тапсырды
  • Жұлдыз Өмірғали: «Басқа әйелмен тұрса да, маған тек бар болғаны керек»
  • Саяси сауатты жастар анықталды
  • Жамбыл облысында 4 бірдей сібір жарасы тіркелді
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика