Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ БОЛДЫ
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды, - Oinet.kz тілшісі.

16 қаңтарда шамамен сағат 01:03-те Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау тасжолының 383-шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшыраған. Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, нәтижесінде көлік аударылып кеткен.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тапқан. 42 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, олардың 17-і ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілген. Автобус жүргізушісі уақыт ұстау изоляторына қамалған, тергеу жұмыстары жүргізілуде.


