«Ордабасы» ресми түрде сатылды

Oinet.kz 16-02-2026

photo_5231437090891961199_w.jpg

Шымкенттік "Ордабасы" кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліптің иелігіне ресми өтті Шымкент қаласының әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы ulysmedia.kz хабарлады.

Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы қол қойды. Бұл туралы Меморандум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Құжат жеке инвестициялар жұмылдыруды, тұрақты нарықтық басқару моделіне көшуді және заманауи корпоративтік басқару стандарттарын енгізуді көздейді. Негізгі бағыттардың қатарында материалдық-техникалық базаны жаңарту, жаттығу инфрақұрылымын дамыту, басқару үдерістерін цифрландыру және клубтың коммерциялық тиімділігін арттыру бар. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кәсіби спортқа жеке инвестиция тарту футбол инфрақұрылымын дамытуға, жас ойыншыларды даярлауға және қаланың елдегі футбол орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Өз кезегінде Шахмұрат Муталип компанияның клубты дамытуды ұзақ мерзімді әрі әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде қарастырылатынын айтты. «Ордабасы» – тарихы бай әрі жанкүйерлері мықты қолдайтын клуб. Біздің алдымызда инфрақұрылымға, жас ойыншыларды даярлауға және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға баса мән бере отырып, клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр», – деді ол.


ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕРДІҢ ЖАҢА САПАСЫ
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу