Қалыңдықтың қыз жолдасы динозаврдың киімін киген

Oinet.kz 06-09-2019 1123

Картинки по запросу одежда динозавр

Құрбысының үйлену тойында қыз жолдас болған боойжеткен динозаврдың киімін киіп қонақтарға жайсыздық тудырды.

АҚШ тұрғыны құрбысының тойына үрленетін динозавр киімін киіп келеді. Есіктен мұндай өрескел киіммен шыққан құрбысына жалғыз той қонақтары емес, қалыңдықты да ыңғайсыз жағдайға қалдырды.

Әлеуметтік желіге лезде тарап кеткен видеоны кейбірі күліп, жақсы қабылдаса, басқалары ұятты деп танып, бойжеткенді қатты сөгіп жатыр.

Роликтің кадрларында салтанатты рәсім кезінде кенеттен үйден "тираннозавр" шыққанын байқауға болады. Оғаш кейіпкер қолына гүл шоғын ұстап, жолдас жігітпен қолтықтасып шыққан.

Кейіннен жолдас қыздың той қарсаңында қатты арықтап, тойға арналып сатып алынған көйлегі шақ келмей, үрмелі киімді киюге шешім қабылдағаны белгілі болды. Той иесіне қыз өзінің жаңа киімге қаражаты жетпегенін айтқан.

Мерекелік кештегілер қыздың мұндай күлкілі бейнесін дұрыс қабылдай алмаса да, өздерінің көңіл томаушылықтарын аса байқатпаған. 

5-сынып оқушысы мектепке газ баллонын әкелген
Қазақстандық «Авангар» командасы Counter Strike ойынында жартылай финалға шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу