«Күндіз имам, кешке Иван» қарағандылық қылмыскер қолға түсті

Oinet.kz 09-09-2019 1052

Картинки по запросу разбойник читал намаз

Қарағандылық жігіт күндіз намаз оқып, кешке қарақшылық жасап келген. Ер адам деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып табылады және бұрын ұрлық пен тонау жасап жауапқа тартылған. 

Қарағанды облысының 26 жастағы тұрғыны түрмеден шыққаннан кейін таныстарын өзінің жақсы жолға түскеніне сендіруге тырысып жүреді, тіпті жігіт намаз оқып бастапты.

Алайда, іс жүзінде, ол есірткі қолдануын жалғастырып, бірнеше рет заң бұзады. Аймақтағы полиция қызметкерлері оның бірнеше ұрлық пен тонауға қатысқанын анықтады. Ер адам ұсталды.

«Күдікті пышақпен қорқытып, тұрғындардан ұялы телефондар мен басқа да құнды заттарын тонап келген. Ол сонымен бірге пәтер ұрлығымен де айналысқан Ол бұрын өзі жалдаған пәтерлерін тонап келген.

Өзінің құйтырқы іс-әрекетін іске асыру мақсатында ол өзі жалдап отырған пәтерінің кілтінің көшірмесін жасап, өзінен кейінгі сол пәтерге көшіп келген адамдардың мүліктерін тонаған. Қылмыскер ұрланған заттарды өзінің таныстары мен бейтаныс адамдарға сатқан және түскен қаражатты есірткі сатып алуға жұмсаған », - деп хабарлады Қарағанды облысы ДС баспасөз қызметі.

Тінту кезінде ұсталған азаматтан қолөнер пышағы табылды. Тергеу органдары оны дәлел ретінде алып кетті. Кейін күдіктінің оны тонау кезінде қолданғаны белгілі болды. Жиналған дәлелдер Теміртау қалалық сотына жіберілді. 

Қылмыстық сот отырысы барысында ҚМДБ өкілдері сөз сөйледі. Олар сотталушының мешіттерге жиі барып, діни көзқарастарының артықшылығы мен дұрыстығын дәлелдеуге тырысып, дінбасылармен қақтығысқанын айтты.

Сотталушының достары мен таныстары оның діни жоралғылардың орындағанына қарамастан есірткі қолданады деп мойындады.

«Теміртау қалалық сотымен сотталушыға дереу қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша үкім шығарылды. 

Ол қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды",-деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Несие толық өтелуі үшін не істеу керек?
Анара Батырхан: «100 мыңға да, 50 мыңға да тойға шығамын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу