15 жасар ерлі-зайыптының ісін полиция қарайтын болады

Oinet.kz 09-09-2019 939

Screenshot_3.jpg

Ақтаудағы 15 жасар екі жастың мәселесін жергілікті полиция қолына алды. «Бұл іспен кәмелетке томағандардың ісі жөніндегі бөлімі айналысып, бейнероликтегі қыз бен жігіт туралы анықталуда.  Мәліметтер шара қолдану үшін қалалық әкімшілікке жолданатын болады» - деп хабарлайды полиция бөлімінде.

Еске сала кетсек, 15 жасар жасөспірімдердің үйлену тойларының суреттері интернет желісін жайлап кеткен болатын. Қалыңдықтың айтуынша, оны алып қашқан. Ал үйіне қайтып баруды қыз ұят санаған. Қазіргі таңда олардың кәмелетке толмауына байланысты заңды некелері жоқ. Тек мешітке барып некесін қидырған.

Screenshot_1.jpg

3 жасар қыз бөтелкедегі химикаттан өлді
Су диетасы жайлы өтірік кеңестер тізімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу