Автокөлік әйнегін ұрлайтындарға түсетін пайда қандай?

Oinet.kz 16-09-2019

Screenshot_2.jpg

Киім брендімен танылған кәсіпкер Ұлықбек Шәріповты қаланың дәл ортасында тағы да сан соқтырып кетті. Осымен бір емес төртінші рет қымбат көлігінің айнасын ұрлатқан ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында  ұрланған әйнектен қанша пайда түсетінін жазды, деп хабарлады Oinet.kz порталы Stan.kz-ге сілтеме беріп.

Ол тек алтын квадратта қанша көлік тоналатынын есептеп, жылына осы арқылы адамдар қандай табыс тауып отырғанын жеткізген. Осылайша Ұлықбек Шәріпов ұрылардың оңай жолмен ақша тауып отырғанын түсіндірді. 

"Не болып жатыр өзі? Бұл күлетін жағдай емес. Үш жылдың ішінде төртінші рет. Үш реті әртүрлі көліктен. Алматыда күніне алтын квадраттың өзінде 30-ға жуық көлік айнасын ұрлайды. Көбі қымбат көліктердікі. Орта есеппен алғанда жылына - 3666 көлік. Қара базарда мұндай айналардың екеуінің бағасы шашамен 150-500 мыңды құрайды. Жылына шамамен 916 миллион тек алтын квадраттан ғана. Бұл қандай сан екенін түсінесіздер ме? Ал егер бүкіл Алматыны есепке алатын болсақшы?" - дейді бизнесмен. 

Ол ұрланған айналарға сұраныстың жоғары болуын да өзінше түсіндірді. Оның айтуынша айнасы ұрланған көлік жүргізушісі қымбат авто орталықтардан айна ала алмағаннан кейін, амалсыз қара базарға барады. Осылайша реніш білдірген кәсіпкер мұндай қылмыстың алдын алу үшін өзіндік жолын да ұсынған. Ол шарасыздығымызға қайран қаламын деп отыр. 

"Бұл жерде бәрі әлдеқайда жеңіл. Өз бағасы да жоқ, ешқандай шығын да болмайды, тек таза табыс. Ал көлігіңнің айнасын ұрлап кеткеннен кейін қайда барасың? Авто орталыққа ма? Жоқ әрине, өйткені, ол жерде бағалары тым қымбат. Сол себепті адамдардың көбі ұрланған айна сататын жерге барады. Бұл адамдар емес. Менің басқа сөзім жоқ. Бұл жерде тек бір ғана шешім бар. Атокөлік айналарын сатуды леголизациялау керек. Сол кезде ғана олар ұрланған айналарын сата алмайды. Мен біз осыншалық шарасыз екенімізге сенгім келмейді. Ал құқық қорғау органдары бұған қатысты ештеңе жасай алмай отыр", - дейді Ұлықбек Шәріпов

16 қыркүйек Қазақстанда қандай мереке?
Шымкентте 14 жасар балаға іздеу салынады

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×