Түрме қызметкеріне пара берген қылмыскер ұсталып қалды

Oinet.kz 23-09-2019 835

image.png

Ақмола облысының 31 жастағы тұрғыны жазасын өтеуге қолайлы жағдай жасау үшін Көкшетау қалалық тергеу изоляторының қызметкеріне мекемеге ұялы телефон кіргізу үшін ақшалай сыйақы беремін деп ұсталып қалды, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Пара бермек болған жігіттің әрекетін әшкерелеу үшін мекеме қызметкері бұл ұсынысқа әдейі келіскен. Кейін рапорт негізінде, заң аясында аталған оқиға ЕЦ-166/23 ақпаратты тіркеу кітапшасында тіркеліп, одан әрі процессуальдық шешім қабылдау үшін Ақмола облыстық ПД ІҚБ жолданды. Осыған байланысты ҚР ҚК 367-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арада бір-екі күн өткенде түрме изоляторы қызметкерінің банк карточкасына істі болған ер адамның әйелі 35 000 теңге ақша салған», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Динара Сұлтан неге әке-шешесінің ажырасуын қалады?
Арыста оқ-дәрілер өздігінен жарылып, 10 сапер ауыр жарақат алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу