Шымкентте Өзбекстаннан келген студенттер арасындағы жанжалдың мән-жайы анықталды(видео)

Oinet.kz 25-09-2019 1232

Screenshot_23.jpg

Шымкент қалалық полиция департаменті қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде болған "студенттер жанжалына" байланысты түсініктеме берді деп хабарлайды Azattyg порталына сілтеме жасаған Oinet.kz

"Полиция қызметкерлері Шымкенттегі бір жоғары оқу орнының екі студенті арасындағы дау-дамай фактісін тексерді. Жанжалдың тұрмыстық сипатта болғаны анықталды. Факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 293-бап 2-тармақ 1-пункті бойынша ("Бұзақылық") тіркелді" делінген полиция хабарламасында. Полиция бұдан басқа ақпарат жарияламады.

Бұған дейін "жергілікті және Өзбекстаннан келген студенттер арасында жанжал болғаны" туралы ақпарат пайда болған.

Видео сілтемесі

Әлеуметтік желіде тараған видеода Өзбекстаннан келген бірінші курс студенттері оқу басталғалы бері жергілікті студенттерден қысым көріп келе жатқанын айтып, Өзбекстан елшілігінен көмек сұраған. Кейбір студенттердің Азаттыққа айтуынша, осы оқиғадан соң бірнеше студент ауруханаға түскен. Біреуінің мұрны сынған. Университет басшылығы төбелестен соң полицияның 24 студентті алып кеткенін хабарлады.

Бұған дейін Қазақстандағы Өзбекстан елшілігі және бас консулдықтың жағдайды бақылауға алғаны хабарланған. УзТАГ агенттігінің жазуынша, министрліктің тапсырмасымен бас консулдық өкілдері Шымкентке барып, аймақ және университет басшылығы, өзбек студенттерімен кездесіп, мәселені талқылаған.

Қыз алып қашқандар 15 жылға дейін бас бостанығынан айырылады
8 баланың анасы жәрдемақы әперемін деп 70 адамды алдаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу