Атырауда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соғысып, 12 адам ауруханаға түсті

Атырауда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соғысып, 12 адам зардап шекті, деп хабаралайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жол-көлік оқиғасы бүгін 11:35-те Нұрсая шағын ауданында болды. Машруттың автобус ЗИЛ жүк көлігімен соқтығысты. Зардап шеккендер бар. Жедел-тергеу тобы жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде хабарланғадай, оқиға орнында 5 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс істеген.
Өңірлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат салдарынан 12 адам зардап шекті. Олардың 8-і – ересек жолаушы және 4-уі – бала. Барлығы ауруханаға жеткізілген.


