eGov-тың мобильдік қосымшасын жаңартылды

Oinet.kz 02-10-2019 946

Похожее изображение

eGov-тың жаңартылған мобильді қосымшасы іске қосылмақ. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өндірісі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз мемлекеттік қызметтерді мобильді түрде алуға баса көңіл бөліп отырмыз. Өйткені, бүгінгі таңда азаматтардың бәрінде смартфон бар. Сол себепті, eGov-тың мобильдік қосымшасын жаңарту жұмыстары басталған кезде әріптестеріме – ең алдымен, бұл қосымшаны өздеріңіздің аналарыңыз пайдалана алатындай ыңғайлы етіп жасаңыздар дедім. Себебі, қосымша қызметті оңай әрі жылдам алу үшін ыңғайлы болуы керек», - деді Асқар Жұмағалиев елордадағы «Цифрлық күз» шарасында

Жаңа қосымшаның көмегімен қызметті саусақпен бір басып қана алуға болады. Мобильді қосымшаның Beta нұсқасы PlayMarket және Appstore-да жақын арада қолжетімді болады. Ол арқылы қызметтің 23 түрін алуға, ЭЦҚ-ға өтінім беруге мүмкіндік бар.

Тараздағы алаңға «Нұрсұлтан Назарбаев» атауы берілді
Жаңа мереке - нан күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу