«Жаса, жайна алашымның Арысы» концерті өтті

Oinet.kz 09-10-2019 1149

Screenshot_10.jpg

Арыс қаласындағы  орталық «Әл-Фараби» алаңында еліміздегі өнер жұлдыздарының қатысуымен «Жаса, жайна Алашымның Арысы» атты концерт өтті.

Төтенше жағдайдан кейін халыққа мәдени-рухани серпіліс сыйлап, мерекелік көңіл-күйді тарту ету мақсатында ұйымдастырылған шараға Дос-Мұқасан ансамблінің әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің, Ерен еңбегі үшін медальдарының иегері, Арыс қаласының Құрметті азаматы Ақжол Мейірбеков, Қазақстан Республикасының және Татарстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан меценаттарының тәуелсіз «Платина Тарлан» сыйлығының лауреаты, Арыс қаласының перзенті Нұржамал Үсенбаева, композитор-әнші Нұрлан Еспанов, Жанболат пен Жазира, Ләззәт Байырбекова, Бейбарыс Серікбаев, Мақсат Айтжанов, Әлден Жақсыбеков сынды Арыстан шыққан сахна саңлақтары мен "Фараб" би ансамблі  қатысты.

Сондай-ақ, айтыскер ақын Кәрима Оралова арыс халқына арнауын айтып, елдің ықыласына бөленді.

Шара аясында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек қиын-қыстау сәтте қолдау беріп, аянбай көмек қолын созған барша қазақстандықтарға алғысын білдірді. 

Туған жерге келіп, перзенттік парызын көрсеткен өнер майталмандарына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы алғыс хаты мен сый-сияпаттары табысталды. Концертті Түркістан облысы әкімдігі мен Мәдениет басқармасы, "Түркістан сарайы" концерттік ұйымы ұйымдастырды.

Тимур Құлыбаев үмітті ақтамағандарын айтып қызметінен кетті
Түркістан: Облыс жастары адал жолды таңдайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу