Ұрлықшы оқушы

Screenshot_10.jpg

Бірде мектеп мұғалімі, шәкіртінің үйлену тойына қонақ болып барады. Сол жерде бұрын мектепте оқыған оқушыларды көреді. Бірін таниды, бірін танымайды, жамырап келіп амандасып жатты. Бір жігіт келіп: 

- Мені таныдыңызба? - дейді.

Мұғалім:

- Жоқ, - дейді.

Жігіт:

- Шынымен танымадыңыз ба? - деп, таңқалады да, мына оқиғаны мұғалімнің есіне салады: 

- Мен әлгі кезінде сағат ұрлаған оқушымын ғой, -дейді.

Мұғалім: 

- Сондада танымадым, - дейді.

Жігіт оқиғаны баяндайды. Мен сыныптағы бір баланың сағатына қызығып, ұрлап алған едім. Содан ол бала сізге айтып, артынша тексеріс басталды. Сіз оқушыларды теріс қаратып, көздерін жұмғызып қойып шетінен біртіндеп тексердіңіз. Барлығын тексеріп шығып, орындарына отырғызып сағатты иесіне тапсырдыңыз. Сол кезде мен біткен жерім осы деп, ұялып, кірерге тесік таппай, енді ешқашан ұрлық жасамаймын деп өзіме серт берген едім. Сол күйі сағатты ұрлаған оқушы жұмбақ болып қала береді.

Жігіт:

- Сағатты ұрлаған мен едім ғой, әлі есіңізге түспеді ме? - дейді.

Мұғалім:

- Оқиға көкірегімде сайрап тұр, ол кезде мен де оқушыларды көзімді жұмып, тексерген едім, - дейді.

Кейде біреудің кемшілігін елемеу, көрсеңде көрмеген кейіп таныту өзіндік жемісін береді. Ал бізде...?!

@iman_sagaty

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көршіміз маскүнем болып көшеде жүр
  • Қызымды «бомж» құтқарып қалды
  • Жасырын жақсылық
  • Бизнесмен есек
  • Әкім кімнің алдында иілді?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика