Ұл балам жоқ демеңіз!

Oinet.kz 07-11-2019 2895

Ұл бала.jpg

Ұл бала ма, қыз бала ма, артта қалсын асылың,

Іздер сені артта қалса, солар сенің жақының.


Сен де бір күн жөнелерсің, бұл дүниені тәрік қып,

Ұл да,қыз да артта қалар,шаңырағыңды жарық қып.


Қыз көрдім деп кейбіреулер қапа болар,қайғырып,

Ұл ма, қыз ба кім біледі, сені жүрер бай қылып.


Ұлды дейміз әкесіне болар кейін таяныш,

Бірақ қыздай болмас онда мейірім мен аяныш.


Бір қыз болса, үй ішінде әсем гүлдер ашылар,

Бір қыз болса, үй ішінде өмір нұры шашылар.


Қыз бала ғой, үй ішінің сәні менен ажары,

Қыз бала бар үйге ауар көпшіліктің назары.


Ей, еңселі ер жігіттер, бекер уайым жемеңіз,

Қыздарым бар, алайда ұлға зармын демеңіз.


Құдай, сізге ұлдай қылып берсін күйеу баланы,

Көңіліңнің кетер сонда ұлға деген алаңы.

Ғұлама

"Жердің тайғақ болғанын мұздан көрдім,

Еттің ащы болғанын тұздан көрдім.

Жас күнімде "қыз бала "- деп менсінбеп ем,

Қартайғанда рахатты қыздан көрдім"- деп жазыпты Шернияз ақын өзіне ұлың жоқ деп əзілдеген жолдастарына.

Әрдайым өзіңді мақтап жүр
Аз-кем қарым-қатынас жайлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу