Балаға өтірік айтпаудың маңызы

Oinet.kz 07-11-2019 866


балалар.jpg

Сахаба аналарымыздың бірі Ләйла (р.а.) күндердің күнінде дәм-тұз тартып Мәдинаға хижрет етеді. Қасында ұлы Абдуллаһ бар болатын. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйінде отырған кезінде сыртта ойнап жүрген ұлын шақырып:

— Балам, келе қойшы, саған бір нәрсе берейін? — дейді.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дереу одан:

— Ұлыңызға не бермексіз? — деп сұрады.

— Құрма берейін деп едім, — деп жауап қатты әйел.

Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

— Егер балаға «бір нәрсе берем» деп шақырып, еш нәрсе бермесеңіз, амал дәптеріңізге «өтірік айтты» деп жазылар еді, деп ескертті.

ОҚО Орталық мешіт

Жүрек дүрсілі
Ақ ит пен қара ит
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу