Бос қыңқыл

Oinet.kz 13-11-2019 1254

Баяғыда бір адам ауылдың шетінде тұрған үйдің жанына өтіп бара жатып мынадай көрініске тап болады. Тербеткіш орындықта кәрі кемпір тербеліп жатыр, жанында газет оқып шалы отыр. Араларында ит қыңсылап жатыр.

Келесі күні әлгі адам тағы сол жағдайды көреді. Газет оқыған шал, тербеткіш орындықта тербеліп отырған кемпір. Арадағы қыңсылаған ит.

Мұны көріп, ертең де дәл осы жағдай қайталанса, не болғанын міндетті түрде сұраймын деп өзіне уәде етеді.

Үшінші күні сол көріністі тағы көреді. Әлгі адам шыдай алмай сұрайды:

— Кешіріңіз, ханым, — деді ол кемпірге, — итіңізге не болған?

— Итке? — деп қайта сұрады кемпір. — Ол шегенің үстінде жатыр.

Мұндай жауапты естіген адам таң қалады:

— Шегенің үстінде жатса, жанына батқан болса, неге тұрып кетпейді?

Кемпір оның сұрағына жымияды да, былай деп жауап береді:

— Қарағым, қыңсылауға болатындай ғана батқаны ғой онда, бірақ тұрып кететіндей қатты ауырмағаны да..

Бар шындық осындай: адамдар жиі шағымданады, күңкілдейді, қыңқылдайды, неге өзгеріс жоқ дейді, бірақ өздері ештеңе істемейді. Тым болмаса орнынан тұрып кеткенді де білмейді.

Хорхе Букай

Аударған Шынар Әбілдә

Үнсіздік ерік-жігеріңді жаниды
Үш күн ережесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу