Өмір туралы өлең

Ісіңмен көзге түссең дараланып,

Бастықтың саған жылы қарары анық.

Шын сөзді өткізе алмай жүргеніңде,

Кей кезде өтіріктің жарары анық.


Биліктің бүгіні -бар, ертеңі - жоқ,

Ақылмен шыққандар аз сараланып,

Сондықтан өзіңе өзің сенген артық,

Сақтайсың абыройыңды бағаланып.


Жүргендер шам жарығын шыр айналып,

Шырмауынан шыға алмас кіл байланып.

Ақиқаттың айбары тұрса өңіңде,

Жүресің ашық-жарқын сыр ақтарып.

Серік Дербісбаев

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сәбит Әбдіхалықов елден кешірім сұрап, басшылық қызметінен кетті
  • Қарт Ананың марқұм шалына жазған хаты…
  • Адамдардың өмірінің соңында өкінетін 5 қателігі
  • Әзілхан Нұршайықовтың өшпес махаббаты
  • Шымкенттік келіншек 11 жыл бала көтере алмаған абысынына тұңғышын берген
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика