Жігер жылына екі адамға ота жасатып беруге уәде берді

Oinet.kz 27-03-2019 1012

563be5ea90d23d0bc63cb68cf681b501.jpg   

Әнші Жігер Ауыпбаев қайырымдылыққа бет бұрды деп хабарлайды oinet.kz тілшісі.  Ол 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында "Өзім жылына енді екі адамды ота жасатуға жіберетіндей мүмкіншілігім бар. Алла қаласа, жіберіп тұрамын. Жол қаражатын өзім көтеремін. Былайынша айтқанда, сауап ретінде, садақа ретінде", - деп ағынан жарылды. 

   Айта кетейік, Жігерді мұндай сауапты іске итермелеген інісі Алмас болу керек. Биылғы жылдың ақпанында әнші бір көзі көрмей қалған туған інісі Алмастың көзіне Түркияда ота жасатқан болатын. Операцияға 4000 долларға жуық қаражат кеткен. 

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg

Шымкенттіктер 91 тобына жұмыртқа лақтырды
Шымкенттегі таксист-әжей жұртты таңқалдырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу