Жанар Айжанова Сары Әулие жайлы: Ол кісіге тіл тигізген адаммен төбелесуге дайынмын

Oinet.kz 12-04-2019 4152

Screenshot_3.jpg

Жанар Айжанова халық арасында Сары Әулие атанып кеткен Марат Есеналиевпен туыстық қатынасы барын растады. Сары Әулиеге тіл тигізген адамдармен төбелесуге дейін баратынын мәлім етті. 

Бұл туралы Аман Тасығанның Talk Like жобасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

"Ол кісімен 90-жылдардан бері араласамын. Ол - менің ағам. Ол кісіге тіл тигізген адаммен қылыштасуға, төбелесуге, атысуға дайынмын. Өйткені біздің қазақ білмей, сыртынан 23 баланың әкесі, тағы басқа деп тілдейді. Ол кісінің халыққа жасап жатқан қызметін көрсеңіз?!

Қаншама жығылған жанды орнынан тұрғызып жатыр?! Өзі әлі жаман пәтерде тұрады. Тапқан-таянғанның бәрін жетім-жесірлерге бөліп беріп жатыр. Сондай даналық біздің миллионерлерде қайда? Бергенін айқайлайды, ал Сары Әулиенің бергенін ешкім білмейді. Өйткені оның жасап жатқаны тек Аллаға хақ.

Ол кісінің алдына небір имам, шейхтардың келіп, сабақ алып отырғанын көргем", - дейді Жанар Айжанова. 

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg

Маржан Арапбаева 3 айлық сәбиін тастап, сахнаға оралды
Терме орындаған Бүркіт елді таңғалдырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу