Жеңіс Сейдоллаұлының анасы өмірден озды

Oinet.kz 19-04-2019 1825

Screenshot_6.jpg

Елімізге белгілі әнші, "Қазақконцерттің" директоры Жеңіс Сейдоллаұлының анасы бақилық болды.Суыт хабарды әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында жеткізді деп хабарлайды oinet.kz тілшісі. 

"Қазақконцерт" ұйымы мекеме басшысы Жеңіс Сейдуллаұлына, отбасына және туған-туысқандарына ардақты анамыз Рысмамбетова Үрзипа Кәрібайқызының өмірден озуына байланысты қайғырып көңіл айтады. Сұрапыл соғыстың тауқыметін көріп, тылда еңбек еткен, 10 баланы дүниеге әкелген батыр ана бейнетінің зейнетін көріп, ұл-қызының ортасында бақытты ғұмыр кешті. Апамыздың иманы жолдас болып, нұрлы да мөлдір жаны бейіште шалқысын" , - деп әнші көңіл айтты.

Желі қолданушылары орны толмас қазаның арты қайырлы болсын деп жарыса көңіл айтуда. 

Ақтөбелік жігіт Парижде өртенген шіркеуді қалпына келтіруге ақша аударды
«О, адамдар, біргемін мен сендермен...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу