Күйеуінің өлі денесін құзғындарға тастамақ болған

Oinet.kz 31-05-2019 937

Құзғын--58x_krkavec_dso8185.jpg

       АҚШ-тың Луизиана штатында жаға ұстатарлықтай жағдай орын алды. Ила Соломан есімді 54 жастағы әйел үйінде күйеуінің өлігін 9 ай бойы ұстап отырған. Күйеуі Джеральд Гаван Екінші дүниежүзілңк соғыстың ардагері болған екен. Ол 88 жасында қайтыс болды. Полиция қызметкерлері ардагердің денесін үйінен тапқан кезде әйелі оларға қайтыс болғанына 5 күн болды деген ақпарат берген. Алайда зерттеулер нәтижесі бойынша өлік бір бөлмеде 9 ай бойы тұрған екен. Өтірігі жария болған Ила амалсыздан бар шындықты жайып салған. Оның сөзіне қарағанда ол күйенің өлер алдындағы соңғы тілегін орындаған көрінеді. 

«Оның соңғы тілегі бәріне біртүрлі болып көрінер, бірақ ол өзінің денесін құстардың жегенін қалады» , -дейді ол. 

«Менің күйеуім АҚШ үшін көп жақсылық жасады. Сондықтан оның өмірден қалай өтсе де құқы бар. Мен оның соңғы тілегін орындау үшін денесін үйде сақтадым. Есік, терезелердің барлығын ашық қалдырдым. Ондағы ойым құзғындар үйге кіріп Джеральдттің денесін шоқып таусытар деп едім» ,- дейді жары. Сұмдық әрекетке барған әйелге  полиция жалған ақпарат бергені үшін айып тақты. Ол аз дегендей ардагердің жары тоғыз ай бойы оның зейнетақысын алып келген. Заңсыз қылығы үшін ол зейнетақыны толықтай өтейтін болды.

Серік Ерғали, мәдениеттанушы: «Құндылығы жоқ жанұя жай ғана бірігіп тамақ ішетін орынға айналады»
Қасқырды қанша бақсаң да...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу