Жігіттерге қарағанда қыздар ішімдікке бейім

Oinet.kz 01-05-2019 1141

16_original-640x394.jpg                                 

                 Адамның өмірі ақ пен қара секілді болады. Қиындығы мен жоқшылығы, байлығы мен бақытты күндері алмасып жүреді. Ал кедейлік пендеге бала күнінен жабысса оның психологиясы өзге балаларға қарағанда өзгеше болады екен.  Жақында Британияның зерттеушілері 11 мен 19 жас аралығындағы 409 ерікті жасөспірімді арнайы ғылыми зерттеу жұмысына қатыстырды. Ғылыми жұмыстың ерекшелігі, барлық қатысушылар аз қамтылған отбасынан шыққан балалар болды. Ғалымдар олармен қобалжу, күйзелістен шығу туралы сауалдар төңірегінде сөйлесіп, тәрбие жұмысындағы қарапайым тәсілді ғылыми түрде дәлелдеп берді. 

             Ғалымдардың айтуынша, зерттеу жұмысы барысында ер балалар күйзелістен шығу үшін бір адал досы керек екенін айтса, қыздар көбінесе жақын досы, құрбысы бола тұра есірткі қабылдап, ішімдік ішіп қайғысын жеңілдетуге тырысқанын айтып берген. Зерттеулер көрсеткендей қыз балалар қиыншылыққа кезіксе, көбіне өзін кінәлі санайды, ал, ер балалар өзін кінәлі санағаннан гөрі қиындықты жеңудің басқа тәсілдерін қарастырады. Мұндайда отбасының қолдауы да маңызды. Өйткені, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан жастар ақшалы отбасылардың балаларына қарағанда, мүмкіндіктері аз, денсаулықтары нашарлау келеді. Сондықтан, ондайда жақын достың керектігін ұмытпау керек. Сонда ғана олардың өзіне сенімі күшейеді. Бұл тек, кедей балалар үшін ғана емес, баршасына да ортақ деген ғалымдар баланың тиянақсыз, әр ортада бір жүргенін тыйып, бір жақын досымен сырлас болуға үйрету керек деген тұжырым жасаған.

        Яғни өмірдің қай өткелінде болмасын сырлас достың қажеті анық. Өйткені қиындықтан, күйзелістен құтқаруда достың атқарар рөлі ерекше. 

Жазығымыз «балам қай елсің, руың кім?» деп сұрағанымыз ба?
Сабынды драмаға айналған сериалдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу