6 наурызда аренада ине шаншитын жер болмайды

Oinet.kz 05-02-2020 1362

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов Bostanoff MMA youtube-арнасына берген сұхбатында АСА 105 турниріне дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды prosports.kz.

Арман Оспанов: 6 наурызда аренада ине шаншитын жер болмайды

Арман оқу-жаттығу жиындарының бірінші бөлігін Дагестанда өткізуді жөн көрді. 9 ақпанда ол Алматыға келіп, соңғы дайындықтарын бастайды.

Естеріңізге салатын болсақ "Сұңқар" 6 наурыз күні АСА 105 турнирінің басты жекпе-жегінде Расул Мирзаевпен кездеседі. 

Одан бөлек АСА 105 турнирінде  қазақстандық Артем Резников, Асылжан Бақытжанұлы, Нұрсұлтан Қасымханов және Ермек Тлауовтар өнер көрсетеді. 

Маунтинбайктен Азия чемпионаты: Қазақстан командасы эстафетада қола жүлдегер атанды
Психологиялық тест: Қай смайлды таңдайсыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу