Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісінен кейін әлемдік рейтингте көтерілді

Oinet.kz 08-11-2021 1201

Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісінен кейін әлемдік рейтингте көтерілді, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісінен кейін әлемдік рейтингте көтерілді.

Нұрдәулетов Ақтауда өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы өзбек Фаррух Джураев (6-4-1, 2 КО) болды. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа созылды. Нәтижесінде жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Нұрдәулетовтың пайдасына аяқталды. 

Осылайша, Бекзад Нұрдәулетов үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Фаррух Джураев мансабында бесінші рет жеңіліске ұшырады. 

Ақтаудағы кездесуден кейін Нұрдәулетов әлемдік BoxRec рейтингінде 12 қатар алға жылжыды. Ол 134 - орыннан 122 - орынға көтерілді.

Қазақстандық тағы бір палуан Олимпиадада жеңілді
Головкин чемпиондар рейтингінде көш бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу