Өз еркімен жұмыстан кеткен Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 03-02-2026 47

Желіде тараған даулы видеодан кейін өз еркімен жұмыстан шыққан Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды деп жазады, Оinet.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

image.png

Ол  ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болды. Сәпиев жаңа қызметінде жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі ретінде қызмет атқаратын болды. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, штаб құрамына Туризм және спорт министрлігінің өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының жетекшілері және спорт саласының ардагерлері енді. 

Бұл тағайындау «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясына сәйкес жүзеге асырылған ротация аясында қабылданды.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфинов тағайындалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу