«FlyArystan» «Тұран» футбол клубын сатып алмайды

Oinet.kz 27-02-2026

Түркістан облысының намысын қорғайтын Тұран футбол клубы электронды сауда-саттыққа шығарылды. Бастапқы бағасы — 1 054 000 теңге, кепілдік жарнасы — 158 мың теңге. Аукцион 3 наурызға белгіленген, деп жазады Оinet.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

image.png

Сонымен қатар клубты жекешелендіру мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр. Қазіргі уақытта нақты инвестор анықталмаған.

Бұған дейін БАҚ-та әлеуетті сатып алушы ретінде FlyArystan әуе компаниясының аты аталған еді. Алайда Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл ақпаратты растамады.

— «Тұран» футбол клубын жекешелендіруге қатысты нақты инвестор жоқ. FlyArystan компаниясымен ресми келіссөздер жүргізілген жоқ. Қандай да бір шешім қабылданса, қосымша хабарлаймыз, — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Басқарманың баспасөз қызметіне жауапты Асқат Мырзахметов  агенттікке берген түсініктемесінде бұған дейін тараған мәлімет клуб ұжымы ішіндегі бейресми пікірлерге негізделгенін айтты.

Клубтың медиа-офицері Нұрдәулет Оразбектің сөзінше, мұндай болжамдар FlyArystan компаниясының бұрын клубқа демеушілік қолдау көрсетуімен байланысты туған.

Өз кезегінде әуе компаниясы клубты немесе өзге спорт ұйымдарын сатып алу не басқару жөнінде келіссөздер жүргізіп жатпағанын және мұндай жоспары жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.

Осылайша, қазіргі таңда «Тұран» клубының болашағы инвестор табу мәселесіне тікелей байланысты болып отыр.

WBO Жәнібек Әлімханұлын бір жылға жарыстардан шеттетті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу