Асқар Мамин: «Елдің экономикасын арттыру үшін резерв іздеуге күш салу қажет»

Oinet.kz 24-10-2019 916

Картинки по запросу Асқар Мамин

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының VI съезінде Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан экономикасындағы негізгі тенденцияларды атады, деп хабарлайды OINET.KZ сайты inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«9 айдың қорытындысы бойынша экономика 4,3 пайызға өскенін атап өткім келеді. Алайда елдің экономикалық өсу қарқынын арттыру үшін резерв іздеуге күш салу қажет. Осы мақсаттарға қол жеткізудің негізгі тетігі - экономиканың капиталдық сыйымдылығын арттыру болмақ. Бүгінгі таңда біз 2025 жылға дейін 41 трлн теңгенің дамыған және перспективалық инвестициялық жобаларының пулын қалыптастырдық. Жалпы, 2025 жылға қарай негізгі капиталға салынған инвестициялар көрсеткіштерін ЖІӨ-нің 30 пайыздық деңгейіне жеткізу міндетін қойдық. Сонымен бірге 2025 жылға қарай тікелей шетелдік инвестициялар көлемін жылына 34 миллиард долларға дейін ұлғайту жоспарланып отыр», - деді Үкімет басшысы жиында. 

Асқар Маминнің айтуынша, өндіріс, отын-энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік және логистика салаларының инвестиция тарту әлеуеті зор. 

«Біз отандық бизнесті осы процестерге белсенді қатысуға және қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін тартымды жағдай жасауға ұмтылуға шақырамыз. Бүгінгі таңда елдегі белсенді халықтың 30 пайыздан астамы шағын және орта бизнесте жұмыс істейді. ШОБ субъектілерінің экономикадағы үлесі 28,5 пайызды құрайды. Бізге Палатамен бірге стратегиялық міндет қойылып отыр. Яғни, бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 35 пайызға, 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізу керек. Ол үшін жүйелі және құрылымдық шаралар қабылдау қажет», - деді Асқар Мамин.

Премьер-Министр Қазақстанның Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде өзінің деңгейін жоғарылатқанын еске салды. Қазіргі уақытта біздің ел 25-орында тұр. 

«Іскерлік ахуалды одан әрі жақсарту үшін заңнамалық бастамалардың сегізінші пакеті әзірленіп жатыр. Ол банк шотын ашу, кәсіпорынды тіркеу рәсімдерін одан әрі жеңілдетуге бағытталған. Кәсіпкерлердің адал ниеті презумпциясы қағидаттары заңмен белгіленеді. Өтпелі кезең бизнес пен азаматтарға қосымша міндеттемелер жүктейтін нормаларға қатысты да қарастырылады. Бұл кәсіпкерлердің заңның жаңа талаптарына бейімделуіне мүмкіндік береді», - деді Асқар Мамин.

Қазақстан мен Беларусь арасында сауда-саттық еселеп артатын болады
Нұрлан Байғұт басқарма басшысы болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу