Албанияда жер сілкінісінен 18 адам қаза тауып, 600 адам зардап шекті

Oinet.kz 27-11-2019 888

Албанияда болған жер сілкінісінен кем дегенде 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Албанияда зілзаладан қаза тапқандар саны 18 адамға жетті, 600-і зардап шеккен

Бұған дейін Exit порталы 16 адам мерт болып, 600 адам зардап шеккенін хабарлаған. 43 адамды үйінділер арасынан алып шығудың сәті түскен.

Ел астанасы Тиранада 500-ге жуық ғимарат қираған, сондай-ақ Дуррес қаласына зор шығын келген.

АҚШ Геология қызметінің мәлімдеуінше, 6,4 магнитудалы зілзаланың эпицентрі Тирананың жанындағы Шиджак қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырымда болған.

Зілзала ошағы 10 км тереңде орналасқан. Дүмпуді Солтүстік Македония, Сербия, Черногория, Босния және Герцеговина, Грекия, Хорватия және Италия тұрғындары да сезген.

Марат Тәжин жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстандықтардың жалақысы 50 пайызға дейін өседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу