Бақауовтың не үшін ұсталғаны белгілі болды

Oinet.kz 20-01-2020 756

03-5.jpg

 

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың үстінен қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің  лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша қозғалған. Дәлірегі әкімге «өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алды» деген күдік келтірілген. pavlodarnews.kz. сайты тілшісінің хабарлауынша, әкімді қамауда ұстау мерзімі екі айға белгіленген. Санкцияны Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты берген.

Айыптаушы тараптың тұжырымына қарағанда,  Болат Бақауов Павлодар облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларынан «AksuTransLogistic» ЖШС-інде жүргізілген тексеру қорытындысын жасырып, 200 миллион теңгеге есептелген салықты 5 миллион теңгеге дейін қысқартуды талап еткен. Аталған серіктестің жалғыз құрылтайшысы Р.Бақауов облыс әкімі Болат Бақауовтың туысқаны көрінеді.  

Тергеу сотында облыс әкімі өзіне тағылған айыптарды мойындамай,  бас шарасын үйқамақта немесе кепілмен ұстау түрінде белгілеуді өтінген. Тіпті Бақауовтың туыстары кепілге миллион теңге қойғаны жөніндегі анықтаманы да көрсеткенге ұқсайды. Алайда судья әкімді 16 наурызға дейін қамауда ұстау жөнінде шешім қабылдаған.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарында Павлодар облысының әкімі Б. Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша (ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлімі 3-тармағы бойынша) қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу іс-шараларының жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Бұл істі неге Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатыр? Себебі арызданушылар (мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары) шағымдарын аталған құзырлы органға жазған көрінеді.

 


Әлемдегі ең бай адамдардың тізімі өзгерді
Ұсталған әкім үшін Сағынтаев отставкіге арыз жаза ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу