Қамал Бұрханов өмірден өтті

Oinet.kz 21-01-2020 5583

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі – Қамал Бұрханов өмірден өтті, деп жазады Oinet.kz тілшісі newsroom.kz порталына сілтеме беріп.

Қамал Бұрханов.jpg

Екі жылға жуық төсек тартып жатқан мәжілісмен 66 жасқа қараған шағында бақилық болды. Бұл туралы марқұмның досы әрі әріптесі – ҚР Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы фейсбуктегі парақшасында жариялады.

Қамал Низамұлы Бұрханов - 1954 жылы 31 наурызда Ташкент облысы Янгиүл ауданы Шуролисай ауылында туған. Ташкент мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметік университетін бітірген. Саяси ғылымдарының докторы, профессор. Еңбек жолын 1977 жылы Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің ғылым қызметкері болып бастаған ол, 2007 жылға дейін түрлі лауазымдағы қызметтерді абыроймен атқарған. 2007-2011 жылдарда төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2012 жылғы 20 ақпаннан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Қытай лагеріндегі қазақтар: «Бізге белгісіз бір укол салатын» (видео)
Елімізде қант өндірісіне қауіп төніп тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу