Бір мемлекет алғаш болып коронавирусты жеңгенін хабарлады

Oinet.kz 27-04-2020 2968

Мавритания дүние жүзінде коронавирусты жеңгенін хабарлаған алғашқы ел атанды. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, соңғы күндері COVID-19-дан қайтыс болғандар жоқ, тестілеулер де коронавирус жұқтырғандарды таппаған, - деп хабарлайды Le Calame.

photo_66492.jpeg

Елдегі эпидемия кезінде 17 адам вирустан айығып, бір адам қайтыс болған. 

Мавританияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі 13 наурызда тіркелген. Сол кезде елде шекара жабылып, жиналыс өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, мектептер, мейрамханалар мен базарлар жұмысын тоқтатқан. Билік түнде комендант сағатын енгізген.  

Қасым-Жомарт Тоқаев: Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі
Білім министрі: Биыл ҰБТ тапсыратын түлектер үшін сәтті жағдайлар жасалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу