Сенаторлар Жер туралы заң жобасын қолдамады

Oinet.kz 29-04-2021 2665

OINET.KZ - ҚР Парламентінің Сенаты Мәжіліс депутаттары ұсынған Жер кодексі бойынша заң жобасына енгізілген 48-баптың 2-тармағын кері қайтарды. 

Айгүл Қапбарова Нұрлан Бекназаров.jpg

Фотода Айгүл Қапбарова, Нұрлан Бекназаров

Жер телімдерін шетелдіктерге пайдалануға беруге қоғам наразы болды. Заң жобасының бұл нормасы әлеуметтік желілер мен электрондық БАҚ-та талқылау объектісіне айналып, қоғамның наразылығын тудырғаны белгілі.

Заң жобасындағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасына қайшы келетін осы бабты алып тастауды Сенаттың пленарлық отырысында Шымкент қаласынан сайланған Сенаторлар Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қолдады.

Жерлерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге заңмен түбегейлі тыйым салынатын болады.

«140-тан аса бала өлген»: Мәжіліс депутаты өзекті мәселе көтерді
Күнсұлу Закарья: Бала көтере алмай жүргендер вакцинадан кейін жүкті болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу