Бақыт Сұлтанов тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды

Oinet.kz 09-02-2022 3947

Премьер-министрдің орынбасары және сауда министрі Бақыт Сұлтанов «Даму» қоры директорлар кеңесінің басшысы болып тағайындалды. Бұл лауазымды бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов атқарған.

Screenshot_3.jpg

Бақыт Сұлтанов 1971 ж. қарашаның 29 Алматы қаласында дүниеге келді.

1994 ж. Қазақ ұлттық техникалық университетін «Робототехникалық кешендер және жүйелер» мамандығы бойынша үздік бітірді.

1995 ж. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.

1994—2002 жж. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінде басқару жұмыстарын атқаруда.

2002 ж. қыркүйектен бастап 2003 ж. маусымға дейін Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2003 ж. маусымнан бастап 2006 ж. ақпанға дейін экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі қызметіне тағайындалды.

2006 ж. ақпаннан бастап 2007 ж. қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің төрағасы болып қызмет істеді.

2007 ж. қаңтардан бастап — Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі.

2007 ж. тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2010 жылғы 13 наурыздан – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.

2012 жылғы 21 қаңтар – 2013 жылғы 6 қараша аралығында – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.

2013 жылғы 6 қараша – 2018 жылғы 11 қыркүйек аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының қаржы министрі.

2018 жыл 11 қыркүйек – 2019 жыл 13 маусым Мемлекет басшысының жарлығымен Астана қаласының әкімі (қазіргі Нұр-Сұлтан)

2019 жылғы 17 маусымнан бастап - сауда және интеграция министрі. 

2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі болып тағайындалды. 

Мәжіліс депутаты Президенттің шындықты ашып айтқанына дән риза болды
«Персик, кешір бізді!» Облыс әкімі иттің өліміне пікір білдірді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу