Танымал экономист Президенттің тапсырмасын орындау мүмкін емес екенін айтты

Oinet.kz 09-02-2022 1701

Экономикалық шолушы Әнуар Нұртазин Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақшаларды елге қайтару мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап. 

Screenshot_12.jpg

Маманның айтуынша, офшорлар - үлестіруші жүйе және техникалық тұрғыдан ол жерден қаржыны тек жүйені құрған санаулы мемлекеттер шығара алады.

"Қазақстан ол жақтан ештеңе алмайды. Екі мысал келтірейін. Біріншісі - Гүлнар Каримова, Өзбекстан қанша рет тырысса да, іс орнынан қозғалған жоқ. Екіншісі - Мұхтар Аблязов. Оның офшорларын табуға, ал ақшасын қатыруға тырысты. Басқаша айтқанда, көптеген адамдар "жерді қазып іздеді", бірақ ештеңе шықпады. 

Ақшаны елге қайтару механизмін ойлап табу жалпы мүмкін емес. Бір ай, екі ай, үш айда болсын. Яғни, бір дегенде бұл мәселені шеше салатындай елде ондай қаржы салмағы жоқ. Өйткені жүйенің өзі ол үшін ойлап табылмаған", - деді маман. 

Айта кетейік, 8 ақпан күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған ақшаларды Қазақстанға қайтару жөнінде Үкіметке екі ай ішінде ұсыныстар беруді жүктеді. 

Болат Назарбаевтың қоры «Қазақстан халқына» 1 млрд теңге аударды
Вице-министр кімдердің қарызы кешірілетінін түсіндіріп айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу