Ұлттық қорда қанша қаржы қалғаны белгілі болды

Oinet.kz 06-04-2022

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметтің Ұлттық қордан трансфертті неге 1,6 триллион теңгеге ұлғайтуды жоспарлап отырғанын түсіндірді.

Screenshot_2.jpg

– Біз мемлекет басшысының қаңтар айының басында берген тапсырмаларын іске асыруға, сондай-ақ түрлі бағдарламалық құжаттарға ақша аламыз. Ұлттық қор, оның ішінде контрциклдық бюджет саясатын жүргізу кезінде құрал болып табылады. Ұлттық қордың бірнеше функциялары бар: жинақ, тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы тұру. Бұл қалыпты процесс. Контрциклді бюджеттік саясаттың бір бөлігі, – деді Қуантыров.

Оның айтуынша, Ұлттық қорға мұнайдың жоғары бағасы мен доллардың жоғары бағамы есебінен қосымша қаржы күтілуде.

– Қазір Ұлттық қорда 55-56 миллиард доллар бар, – деді министр.

Балағат аудиожазба арқылы танылған баспасөз хатшысы өзіне қол жұмсады
Вице-премьер зейнетақы мен жәрдемақыны көтеруге 111 млрд теңге жұмсалатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×