Қазақстан соғысқа араласа ма? Ертең Тоқаев ОДКБ жиынына қатысады

Oinet.kz 15-05-2022 1999

Ертең президентіміз Мәскеуде өтетін ОДКБ жиынына қатысады. Осыған орай бірнеше ой:

Screenshot_1.jpg

Ертеңгі кездесуден радикалды саяси шешімдер күтудің керегі жоқ сияқты. Ертеңгі кездесу ОДКБның 20-жылдығына орай ұйымдастырылған болып көрініп тұр. Кездесуде жалпылама аймақтық қауіптер мен құттықтау іс-шаралары болады дей аламын. Мүмкін Қасым-Жомарт Кемелұлы қаңтарда Қазақстанға келіп көмектескен әскерилерге рахметін айтар. 

Сонымен қатар бүгінгі Ресей билігінің сіркесі су көтермей, әр бір бейтараптық позицияны кірпідей жиырылып қабылдайтынын естен шығармау керек. Батыс мемлекеттері де ертеңгі жиынды микроскоппен бақылайтыны түсінікті. Сондықтан президентімізге тек сәттілік, абырой және сабырлық тілеуіміз керек. Ертең Қазақстанның абыройы сыналатын күн. 

Қазақстанның көпвекторлы позициясын да ұмытпаған жөн. Сол вектордан айнымай, дүниежүзі мемлекеттерімен түзу аман-сәлемді сақтау басты мақсат. Ал ол бүгінгі саяси аренада оңай жұмыс емес. Жақындағы президентіміздің Түркияға сапары да өз әсерін берері сөзсіз. Р.Эрдоғанның “Біз бауырларымызды әр қашан да қорғаймыз” деген сөзі де Кремльге ой салары анық. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық беделін де ұмытпаған жөн. БҰҰда “екінші адам” болған әккі дипломат басшымыз керек сөз бен тиімді позицияны ұстанады деп кәміл сенемін. Сондықтан жүректегі артық үрейді ұлғайтпай, мемлекет басшымызға тілеулес болайық. Қоғамның сенімі мен қолдауын Қ.Тоқаев сезетіні анық. Яғни қоғам болып, президентімізге қолдау көрсететін күн туды …

Самат Нұртазаның Facebook парақшасынан

Ресей Украинаға қарсы химиялық қару қолдана бастады (видео)
Тоқаев Путин мен Пашинянның шақыруымен Мәскеуге келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу