Түркия мен Әзірбайжан Президенттері Армения басшысы Пашинянды мазақ қылды (видео)

Oinet.kz 07-10-2022 2205

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян Прагада Еуропалық саяси қоғамдастық саммитінде кездесті. Бұл туралы Түркияның Haber телеарнасы хабарлады. 

Screenshot_1.jpg

Әлиев пен Пашинян бұрын соңды кездеспеген. Түркия мен Армения басшылары алғаш рет бетпе-бет кездесті. 

5 қазанда түрік БАҚ-ы Р.Эрдоған Пашинян мырзаны Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбіт келісімге шақыратынын хабарлады. Сондай-ақ, БАҚ-тың хабарлауынша, Әлиев мырза Анкара мен Ереванның арнайы өкілдерінің кездесулерін үшінші елдердің аумағында емес, Түркия мен Арменияда өткізуді ұсынады.

Еске сала кетейік, қыркүйектің 13-іне қараған түні Армения-Әзербайжан шекарасында қақтығыстар қайта басталды. ҰҚШҰ Арменияның көмек сұрағанына қарамастан шекараға бітімгершілік күштерін жіберуден бас тартты. 

Дымы құрыған Пашинян осы кездесуге келуге мәжбүр болды. Кездесу барысында Эрдоған Әлиевпен көп сөйлесіп, Пашинянды көзге онша ілмеді. Тіпті әдейі мазақ қылғандай көрінді. Бұл туралы саясаткер Асхат Қасенғали байқаған екен. 

"Ердоған мен Әлиев Пашинянды тұрғызып қойып, әңгімені жіберіп жатыр. Пашинян үнсіз, жетім қозы сияқты монтиып тұр ғой" - деп жазды Facebook парақшасында. 

Елімізге 200 мыңнан астам ресейлік кірді - министр
Путин шын мәнінде кім? Путинге 70 жыл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу