Назарбаев: «Шұлық, әскери киім, тіпті азық-түліктің өзін шетелден тасимыз. Ұят!»

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО елдерін халық тұтынатын тауарларды импорттамай, өзі шығаруға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Назарбаев импортталатын тауарларға талдау жасау керектігін айтты.

"Жақында мен бұл жайлы ойландым, сөйтіп қазақстандық құрылымды қарап шықтым. Инфляцияның 50 проценті осы тауарлардың импортынан келіп отыр. Ал егер импортталатын тауарларға зер салсақ, мұның бәрін өзімізде өндіруге болады. Мәселен, халық тұтынатын тауарлар: туфли, шұлық, костюм, жейде, тіпті азық-түліктің өзін шетелден тасимыз. Сүт, ет өнімдерін импорттаймыз. Бірақ, былай қарасақ, осының барлығы өзімізде өндіріледі ғой. Неге енді өз елімізде шығармасқа?!", - деді Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммитінде.

Screenshot_3.jpg

Ол ЕАЭО елдерінде қандай тұтыну тауарлары шығарылатынына талдау жасайтын комиссия құру қажеттігін атап өтті.

"Мысалы, сүт Беларусьте, Ресейде, бидай Қазақстанда өндіріледі дегендей. Әскерилерге арналған киімнің өзін импорттаймыз. Ұят", - деді Назарбаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қырғызстан азаматы covid-19 вирусын жұқтырды
  • Назарбаев: «Біз қазақ тарихы Қазан төңкерісінен басталады деп сендік»
  • Коронавирустан қаза болғандар саны 2 мыңға жетті
  • Асқар Мамин сауда және интеграция министріне бірқатар тапсырма берді
  • Түркістан соты министр Абаевтың шағымын қанағаттандырмады
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика